12 жыл жасырынып келген: қазақстандық Дубайдан экстрадицияланды

Jul 8, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Қазақстанда қылмыс жасаған күдікті Біріккен Араб Әмірлікте

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қылмыс жасаған күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен қайтарылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура мен ІІМ қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің көмегімен Дубайдан бұзақылық ниетпен жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген күдіктіні қайтарды.

"Ол 2012 жылдың 25 наурызында Теміртауда бұзақылық ниетпен жәбірленушіге себепсіз бірнеше рет дене жарақатын салып,екі жерінен жақ сүйегін сындырды деген күдікке ілінді.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетіп,12 жылдан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында анықталды",- делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан полициясына тапсырылған.