Қазақстанда 40-қа жуық кен орны сатылымға шығарылды

Jul 7, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Қазақстанның Индустрия және құрылыс министрлігі пайдалы қ

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Индустрия және құрылыс министрлігі пайдалы қазбалардың 39 кен орны бойынша электронды аукцион жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аукцион 2025 жылғы 19 қыркүйекте сағат 11:00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы e-qazyna.kz сайтында өтеді. Қатысуға өтінімдер 2 қыркүйекке дейін minerals.e-qazyna.kz электрондық платформасы арқылы қабылданады.

Аукцион аясында алтын,никель,кобальт,марганец,темір кені,көмір,асбест,барит және басқа да пайдалы қазбалар бар учаскелер ұсынылады.

Көптеген кен орындары бойынша қол қою бонусы 1 966 000 теңге болады. Аукционға қатысушылар:

100 АЕК мөлшерінде қатысу жарнасын,

сондай-ақ бастапқы бонус мөлшерінің бес есе көлемінде кепілдік жарнаны төлеуге міндетті.

Сонымен қатар,жеңімпаздар:

жылдық жиынтық табысының кемінде 1 пайызын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына инвестициялауға,

егер учаске елді мекендердің буферлік аймағында орналасқан болса,жерасты тәсілімен өндіруді жүргізуге,

сондай-ақ кейбір кен орындары бойынша шикізатты Қазақстан аумағындағы өндірістік қуаттарда өңдеуге міндетті.