Ғарыш

Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

Nov 22, 2024 IDOPRESS
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілші

Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс,ішкі істер,төтенше жағдайлар,сыртқы істер,денсаулық сақтау,көлік,энергетика,өнеркәсіп және құрылыс,ұлттық экономика,қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді.

"Премьер-министр қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерін тыңдап,мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау,көлік қатынасының қауіпсіздігі,денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды",- делінген хабарламада.

Уәкілетті құрылымдардың басшылығына Президенттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауда ұстау және жағдайдың өзгеруі туралы шұғыл режимде баяндау тапсырылды.