Арман Исетов сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Jul 7, 2025 IDOPRESS
Сұлу Бөлек Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Арман Исетов жаңа қызметке тағайындалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz т

Сұлу Бөлек

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Исетов жаңа қызметке тағайындалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды",- делінген хабарламада.

Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болды.

Арман Исетов туралы не белгілі?

Арман Исетов 1975 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

Ол 1993 – 1998 Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде білім алған.

2022 - Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі,Қазақстан Республикасының БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы жанындағы Тұрақты өкілі;

2018-2022 - Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары;

2012-2018 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры;

2009 – 2012 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары;

2008 – 2009 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақтық ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы;

2004 – 2008 - Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшы;

2003 - 2004 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің басқарма басшысы;

1998 – 2003 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінде әртүрлі лауазымда қызмет еткен.