Бағдарламалық жасақтама

Activ және Kcell қолданушылары ақауларға шағымданып жатыр: 05 желтоқсан 2024, 10:19 - жаңалықтар Tengrinews.kz

Dec 5, 2024 IDOPRESS
5 желтоқсанда Kcell және Activ ұялы байланыс операторларының қазақстандық пайдаланушылары байланыс пен интернет

5 желтоқсанда Kcell және Activ ұялы байланыс операторларының қазақстандық пайдаланушылары байланыс пен интернет нашарлағанын хабарлады. Компания ақаулар техникалық себептерге байланысты болғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 желтоқсанда Kcell және Activ ұялы байланыс операторларының қазақстандық пайдаланушылары байланыс пен интернет нашарлағанын хабарлады. Компания ақаулар техникалық себептерге байланысты болғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оператор абоненттерінің шағымдары Алматы мен Астанадан түскен. Адамдардың айтуынша,таңертеңнен бері интернет жұмыс істемей тұр,сонымен қатар бірқатар қосымша,соның ішінде Kcell қосымшасы да істемейді.

"Астанада Activ интернеті жұмыс істемейді. 3030 техникалық қолдау телефоны қоңырауды бірден үзіп тастайды",– деп шағымданып жатыр абоненттер.

Activ ресми Instagram-парақшасында қолданушылардың өтініштеріне оператор ақаулардың техникалық себептерге байланысты екенін және мамандардың оларды жою бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта кейбір сервистерді ұсынуда уақытша кідірістер байқалып жатыр. Жауапты тұлғалар мәселені шешіп жатыр. Нақты мерзімі белгісіз",– делінген жауаптарда.

Скриншоттар: instagram.com/activ.kz

Еске салайық,бұған дейін Kcell тарифтік жоспарлар бағасының қымбаттайтынын және олардың қымбаттау себебін түсіндірген болатын.