Бағдарламалық жасақтама

Тұман және 20 градус аяз: 5 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Dec 5, 2024 IDOPRESS
Синоптиктердің болжамынша,5 желтоқсанда Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жас

Синоптиктердің болжамынша,5 желтоқсанда Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысының шығысында,орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында,солтүстігінде тұман,көктайғақ.

Қарағанды облысының шығысында,орталығында тұман.

Ақтөбе облысының солтүстігінде,шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында,оңтүстігінде,орталығында тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында,шығысында көктайғақ,облыстың солтүстігінде,орталығында тұман.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында,орталығында тұман түседі.

Қостанай облысының батысында,солтүстігінде,шығысында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады,Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20,күндіз кей уақыттарда 25 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында,солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын,көктайғақ,күндіз бұрқасын,көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады,облыстың батысында,оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының шығысында,орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында,оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде,таулы аудандарында кей уақыттарда тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде,батысында,орталығында,таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Ақмола облысының батысында,солтүстігінде көктайғақ,күндіз жаяу бұрқасын.