Ауа райының жақсаруына байланысты бұрын көлік қозғалысы шектелген тасжол учаскелері ашылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 21 қарашада сағат 07:30-де келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды:
Павлодар облысы "Қызылорда-Павлодар" автожолының 1135-1206 шақырымы аралығында (Қарағанды облысының шекарасы - Шидерті ауылы)
Қарағанды облысы "Қызылорда-Павлодар" автожолының 970-1135 шақырымы аралығында (Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы)
Қарағанды облысы "Екатеринбург-Алматы" 1505-1864 шақырымы,Новостройка ауылы - Балқаш.