ПОДЕЛИТЬСЯ
Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше,қар,жаңбыр жауып,боран соғады. Солтүстікте боран соқса,Алматы,Жетісу,Түркістан облыстарында жаңбыр жаууы ықтимал.
Кейбір аймақтарда тұман түсіп,көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді.
"Сондай-ақ,түнде Ақмола,Солтүстік Қазақстан,Қызылорда,Жетісу облыстарындағы республикалық маңызы бар жолдардың біраз бөлігі жабылған. Мамандар жолға шықпас бұрын 1403 нөміріне хабарласып,абай болуды ескертеді",- деп жазылған хабарламада.
Еске салайық,бұған дейін Қазгидромет 22,23,24 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Батыста,солтүстік-батыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын жауатыны,жауын-шашынмен бірге ауа температурасы көтерілетіні,тіпті солтүстік аймақтарда күндіз төмен температура болатыны болжанды.