Ғылым

ҰҚК күдікті қазақстандықты Түркиядан қайтарды

Nov 19, 2024 IDOPRESS
ҰҚК террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікті қазақстандық Түркиядан қайтарылғаны туралы хаба

ҰҚК террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікті қазақстандық Түркиядан қайтарылғаны туралы хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікті қазақстандық Түркиядан қайтарылғаны туралы хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 16 қарашада ҚР Бас прокуратурасымен әрекеттесе отырып Анталиядан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен ҚР азаматын алып келді.

Тергеу материалына сәйкес,ол ертеректе Сирияға кетіп,қарулы топтардың біріне қосылған.

"Содан кейін Түркияға жетіп,сол жерде полиция органдарымен ұсталған. Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып,заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталды. ҰҚК фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Ол сот санкциясымен қамауға алынды",- делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.