Алматыда маусымда болған автобус апатына қатысты тергеу аяқталды. Іс одан әрі қарау және кінәлілердің жауапкершілігін анықтау үшін сотқа жіберілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы сотының баспасөз қызметі мәліметінше,іс 30 қазанда Алмалы аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына жолданып,судьяның қарауына жіберілген. Процестің басталу күні әлі белгісіз.
Еске салайық,Алматыда KIA маркалы көлік жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп,"City bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-бағыттағы автобуспен соқтығысқаны,ол кейіннен кедергіге соқтығысқаны хабарланды.
Оқиға салдарынан автобустың 25 жолаушысы зардап шегіп,тағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмған.
Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.