Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
10 шілде,бейсенбі күні Қазақстанда кей жерлерде жаңбыр жауып,найзағай ойнап,бұршақ жаууы мүмкін,ал оңтүстік пен батыста аптап ыстық сақталады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Астана – құбылмалы бұлтты,күндіз жаңбыр,найзағай,бұршақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 12–14,күндіз 25–27 градус жылы.
Алматы – құбылмалы бұлтты,таңертең және күндіз жаңбыр,кей жерлерде қатты,найзағай. Жел солтүстік-батыстан 5–10,екпіні 18 м/с дейін. Түнде 18–20,күндіз 27–29 градус жылы.
Шымкент – құбылмалы бұлтты,күндіз өткінші жаңбыр,найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 8–13,күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде 17–19,күндіз 30–32 градус жылы.
Ақтөбе – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел солтүстік,солтүстік-батыстан 5–10 м/с. Түнде 16–18,күндіз 32–34 градус жылы.
Ақтау – аздаған бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Түнде 23–25,күндіз 33–35 градус жылы.
Атырау – ашық,жауын-шашынсыз. Жел шығыстан,солтүстік-шығыстан түнде 2–7,күндіз 7–12 м/с. Түнде 24–26,күндіз 37–39 градус жылы.
Жезқазған – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14,екпіні 15–20 м/с. Түнде 16–18,күндіз 27–29 градус жылы.
Қарағанды – құбылмалы бұлтты,аздаған жаңбыр,найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Түнде 13–15,күндіз 23–25 градус жылы.
Көкшетау – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Түнде 12–14,күндіз 25–27 градус жылы.
Қонаев – құбылмалы бұлтты,найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9–14,екпіні 17–22 м/с. Түнде 20–22,күндіз 28–30 градус жылы.
Қостанай – құбылмалы бұлтты,найзағай. Жел солтүстік-батыстан түнде 2–7,күндіз 9–14 м/с. Түнде 13–15,күндіз 26–28 градус жылы.
Қызылорда – аздаған бұлтты,жауын-шашынсыз. Күндіз құмды дауыл. Жел солтүстіктен 9–14,күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде 19–21,күндіз 33–35 градус жылы.
Павлодар – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен 7–12 м/с. Түнде 12–14,күндіз 25–27 градус жылы.
Петропавл – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел батыстан түнде 5–10,күндіз 9–14 м/с. Түнде 12–14,күндіз 25–27 градус жылы.
Семей – құбылмалы бұлтты,бұршақ. Жел солтүстік,солтүстік-шығыстан 7–12,күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде 13–15,күндіз 23–25 градус жылы.
Талдықорған – құбылмалы бұлтты,найзағай. Жел солтүстік-батыстан 7–12,күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде 14–16,күндіз 28–30 градус жылы.
Тараз – құбылмалы бұлтты,бұршақ,дауыл. Жел солтүстік-батыстан 9–14,таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде 19–21,күндіз 27–29 градус жылы.
Түркістан – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8–13,күндіз 32–34 градус жылы.
Орал – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Түнде 16–18,күндіз 33–35 градус жылы.
Өскемен – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады 5–10,күндіз екпіні 15–18 м/с. Түнде 13–15,күндіз 25–27 градус жылы.