Энергия

Алматыдағы тұрғын үй кешенінде есірткі сатушылар ұсталды

Nov 11, 2024 IDOPRESS
Алматыдағы тұрғын үй кешенінде есірткі сатушылар ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілт

Алматыдағы тұрғын үй кешенінде есірткі сатушылар ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыдағы тұрғын үй кешенінде есірткі сатушылар ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде рокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі мен Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстады.

"Күдіктілердің бірінің үйін тінту барысында ақ ұнтақ заты бар 156 байлам,есірткі сататын сайтқа арналған QR коды бар 5 мың жарнамалық жапсырма,электронды таразы және қаскөйлер есірткіні бөлшек саудада сату үшін пайдаланған басқа да құрал-жабдықтар анықталды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген ақ түсті ұнтақ заттар мефедрон психотроптық заты болып шықты. Бостандық аудандық полиция басқармасы есірткі заттарын сату дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды",– деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы,ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.