Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге шегерілді

Jul 8, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Қазақстанда кейбір коммуналдық қызмет тарифін көтеру кейі

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кейбір коммуналдық қызмет тарифін көтеру кейінге қалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Cенбіде вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте жиын өтіп,бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралды.

Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болған: 16,1%.

"Осыған байланысты Үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Коммуналдық қызмет тарифін өсіруді ішінара кейінге қалдырды. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді",- деп жазылған хабарламада.

Еске салайық,бұған дейін Қазақстанда коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртек енгізілетіні хабарланды.