Алматыда тағы екі көше бірнеше күнге жабылады

Jul 11, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Алматыда Бекмаханов және Әшімов көшелерінің учаскесінде қ

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Бекмаханов және Әшімов көшелерінің учаскесінде қозғалыс жартылай шектеледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматыда инженерлік желілерді жоспарлы түрде қайта жаңарту жалғасады. Осыған байланысты қаланың екі ауданында автокөлік қозғалысы екі бағытта да уақытша жабылады - 2025 жылы 11 шілде сағат 22:00-ден 14 шілде сағат 06:00-ге дейін:

Наурызбай ауданында - Райымбек даңғылынан Базарбай Жуманиязов көшесіне дейін Әшімов көшесінде 521 метр құбыр ауыстырылады;

Түрксіб ауданында - Сүйінбай даңғылынан Майлин көшесіне дейін Бекмаханов көшесінде 2 шақырым жылу желісі ауыстырылады.

"Уақытша шектеулер жолдың осы учаскелерінің астынан өтетін магистральдық құбырларды жоспарлы түрде қайта жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі",- делінген хабарламада.