Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Екібастұзда жол қозғалысы ережелерін бұзған кортеж жүргізушілері жауапқа тартылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл автокортеж үйлену тойға арналған. Көліктер колоннамен қозғалып,қозғалысты тежеп,жолдағы қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған.
Тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша 15 әкімшілік хаттама толтырды. Ереже бұзушылықтар мыналарға қатысты болды:
маневр жасау тәртібін сақтамау;
жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы (жүріс кезінде терезеден денені шығару);
қарсы жолаққа шығу;
қауіпсіздік белдігін тақпау;
қайта жолақ ауыстырғанда бұрылыс шамын қоспау;
сақтандыру полисінің болмауы.
Mercedes-Benz,Lexus 570 (brr 14),Toyota Prado және Toyota Camry көліктерінің жүргізушілері анықталып,тиісті жауапкершілікке тартылды.