Астанада 4 миллиард теңге көлеміндегі алаяқтық әшкере болды

Jul 11, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Астанада заңсыз құрылысқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолда

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада заңсыз құрылысқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда прокуратурасының үйлестіруімен үлестік құрылысқа азаматтардан қаражатты заңсыз тарту дерегі бойынша тергеу аяқталды.

"400-ден астам отбасының мүддесіне 4,6 миллиард теңге көлемінде аса ірі залал келтірген бір топ адамдарға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар тиісті рұқсатсыз және заң талаптарын бұза отырып,үш тұрғын үй кешенін салуға азаматтардан қаражат тартқаны анықталды",- делінген хабарламада.

Алынған қаражат мақсатсыз жұмсалып,нысандардың құрылысы мүлде жүргізілмеген.