Шымкентте театрға құрал-жабдық сатып алу кезінде 136 миллион теңге жоғалған

Jul 10, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ ҚМА Шымкент бойынша департаменті \"Шымкент жастар театры\" МК

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Шымкент бойынша департаменті "Шымкент жастар театры" МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 миллион теңгеден астам көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше,мемлекеттік бюджеттен концерт өткізуге арналған жабдықтарды (соның ішінде колонкалар,сабвуферлер,сахналық ферма,күшейткіштер,микрофондар және т.б.) сатып алуға 320 миллион теңге бөлінген.

Алайда сатып алу талаптарын бұза отырып,лоттарды қолдан бөлшектеу арқылы 20-дан астам атау бойынша сатып алу электронды дүкен арқылы жүргізілген. Электронды сауда алаңы арқылы жабдықты нақты жеткізбеген жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарттар жасалып,қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

"Күдіктілердің бірі қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын автокөлік пен пәтер сатып алып,мүлікті жасыру мақсатында оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген",- делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Күдіктілер қамауға алынды.