ПОДЕЛИТЬСЯ
Sergek ITS сарапшылары Астанадағы көлік жүктемесі жоғары қиылыстарды анықтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зерттеу барысында қиылыстардың жүктемесі келесі параметрлер бойынша бағаланған:
қозғалыс қарқыны (қазіргі жүктеме мен максималды өткізу қабілетінің қатынасы);
қиылыстағы ағынның орташа жылдамдығы;
қиылыстағы көлік кезектерінің ұзындығы;
жолдардың жүктеме деңгейі;
кептелістің жүйелілігі;
кептелістің ұзақтығы.
Зерттеу нәтижелері бойынша қаладағы ең көлік ағыны көп қиылыстар мыналар болып шықты:
Тұран даңғылы – Қорғалжын тасжолы;
Достық көшесі – Ақмешіт көшесі;
Тұран даңғылы – Сарайшық көшесі;
Достық көшесі – Түркістан көшесі;
Сарайшық көшесі – Ақмешіт көшесі;
Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі;
Қабанбай батыр даңғылы – Қонаев көшесі;
Қабанбай батыр даңғылы – Достық көшесі;
Достық көшесі – Сауран көшесі;
Қонаев көшесі – Түркістан көшесі;
Қабанбай батыр даңғылы – Қорғалжын тас жолы;
Тәуелсіздік даңғылы – Момышұлы көшесі;
Кенесары көшесі – Жеңіс даңғылы;
Республика даңғылы – Сейфуллина көшесі;
Валиханов көшесі – Сейфуллина көшесі.
Сарапшылардың айтуынша,осы учаскелерде жиі кептеліс болады,бұл қалада қозғалысты қиындатып,жүргізушілердің уақытын ұзартады.